Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚостанайда жоғалған әйел қызметтік-іздестіру итінің көмегімен табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, 3 наурызда таңертең "102" пультіне облыс тұрғыны 61 жастағы анасының жоғалып кеткені туралы хабарлады. Қызының айтуынша, оның есте сақтау қабілеті нашар , сондықтан үйге апаратын жолды таба алмайды.
Шақыруды қабылдағаннан кейін инспектор-кинолог Диас Игліков оқиға орнына барды. "Алладин" қызметтік-іздестіру итінің көмегімен іздеу жұмыстарын бастаған.
"Ит жоғалған әйелдің ізін бірден тапты. Біз жақын маңдағы аумақты және Пролетарская көшесінің бойымен 800-1000 метр радиуста айналып өттік. 39-ші үйдің жанынан жоғалған әйел табылды. Ол абдырап қалып, үйін таба алмаған. Сонымен қатар далада жүріп,жаурап қалған. Іздеу жұмыстары шамамен бір сағатқа жуық уақытқа созылды", - деді полиция сержанты.
Диас Игліков полицияда 2019 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде ол жоғалған адамдарды іздеуге бірнеше рет қатысты. Қызметтік иттің көмегімен жоғалған үш адам табылды
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61