Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comМектеп оқушылары джипке мініп, адам өліміне алып келген жол апатын жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ақтөбе облысында кәмелетке толмағандар джип мініп, аударылып кетіп, жасөспірім қыз көз жұмды.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Шалқар қаласындағы мектептердің бірінің 9-сынып оқушылары жол талғамайтын көлікпен жүруге бел буған.
«Шалқар-Базой тас жолының 4-ші шақырымында кәмелетке толмаған жасөспірімдер Toyota Land Cruiser көлігін жүргізіп келе жатып, рульді басқара алмай, көлік аударылып қалғаны анықталды», - деп түсіндірді полицейлер.
Салдарынан бір кәмелетке толмаған қыз сол жерде көз жұмды, тағы төрт адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "Диапазон" газеті.
Тәртіп сақшылары балалардың көлік жүргізуіне жол бермеу, олардың өмірін бағалауды сұрайды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61