Саясат
Хосе Мухика жайлы бір үзік сыр
Бұл – Хосе Мухика. Уругвайдың бұрынғы президенті. 2010 жылы президент болып сайланған Хосекең, нағыз бай адам болыпты. Рухани бай!
Хосе Мухика 60-жылдары Куба революциясымен рухтанып, «Тупамарос» ұйымының құрамында соғысты. 6 мәрте ауыр жараланып, 14 жылын темір торда өткізді. Кейін қайта босап шықты.
Ол бір елдің басшысы бола тұра, ескі фермада тұрды. Ол әкеден балаға мұраға қалған ферма болатын. Аа, айтпақтай оның екі иті мен Volkswagen-«жук» көлігі болғанын айта кету керек. Көлігі 1987 жылғы, құны бақандай 1800 доллар. Ол президенттікке дейін және кейін гүл өсірумен айналысқан. Президент ретінде айына 12 мың доллар айлық алған ол, оның 90%-ын қайырымдылыққа жұмсап, өзіне 1200 доллар ғана алып отырған. Бірде сол Хосекеңнен : "Сіз неге басшы бола тұра кедейсіз?" деп сұрапты бір тілші. Сонда Хосе: "Шындығында мен бай адаммын, өйткені осы ісіммен өзімді бақытты санаймын. Ал нағыз кедей қаржыны қанша көп тапса да, құлқының ашкөздігін тойдыра алмағандар",- деп жауап беріпті.
Бұл тұжырымға сенсек бізде "шынайы кедейлер" өте көп!