Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comТалғарда бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 26 жастағы ер адам әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Еріктілер Instagram-парақшасында жариялаған ақпаратқа сәйкес, 1997 жылы туған Избакиев Исмаилжан Имамдунұлы 5 ақпанда жоғалып кеткен. Талғар ауданы, Қызылқайрат ауылы, Малкеев көшесі, 90 мекенжайындағы үйден шығып, қайтып оралмаған.
Ерекшеліктері: қоңыр көзді, орташа денелі, қара шашты. Үйден қандай киіммен кеткені белгісіз.
Хабар-ошарсыз кеткен азамат туралы білетіндер +7 701 375 92 91 немесе "102" телефондарына хабарласа алады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61