Әлем

Өзбекстандық танымал вайнер қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өзбекстанда 5 наурызда 27 жастағы танымал вайнер Фарход Маннопов көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап. 

Манноповтың қайтыс болғаны туралы оның досы Ұлықбек Шодибеков хабарлады. Кейінірек әлеуметтік желілерде қайғылы оқиға туралы айтқан видеосы тарады. Оның айтуынша, бассейнде жүзіп жүргенде абайсызда басын жарақаттап алып қайтыс болған.

Таныстары осы оқиғадан кейін Маннопов операция жасатып, одан кейін комаға түсіп, есін жимағанын айтады.

Фархад Манапов Mittivine сатиралық жобасының авторы болған. Instagram парақшасында 1,1 миллион оқырманы бар.