Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comТүркістан облысы Боралдай ауылдық округында үш жасар баланың мәйіті өзеннен табылды деп хабарлайды Teznews.kz порталы Otyrar сайтына сілтеме жасап.
Алдына ала мәлімет бойынша 2020 жылы туған бала 4 наурызда шомылуға арналмаған орында суға түсіп кеткен.
"4 наурызда 18:00-де Түркістан облысы ТЖД "112" пултіне Боралдай ауылдық округы Жоғарғы Боралдай ауылының тұрғындары судан 2020 жылы туған баланың мәйітін шығарғаны туралы ақпарат келіп түсті", – делінген хабарламада.
ТЖД өзеннің тұрғын үйге жақын екенін мәлімдеді.
"Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері, полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жіберілді", – деп қосты ведомство өкілдері.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61