Bugin
Қарағандыда ер адамның лифтіде оқушыға жыныстық азғындық жасаған видеосы әлеуметтік желілерде таралды деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
23 жастағы ер адам лифтіде кәмелетке толмаған қызға тиісіп, азғындағаны бейнебақылау камераларына түсіп қалды. Оқиға қала орталығындағы көпқабатты үйде болды.
Ер адам мектеп оқушысына тиісіп, батырмаларды басу арқылы шығып кетуге мүмкіндік бермейді. Бір сәтте ол шығады, ал қыз бұрылып, көз жасын сүртуде.
Кейінірек әлеуметтік желілерде тағы бір бейне пайда болады, онда ер адам мектеп оқушысына азғындық жасап, пәтерге шақырғанын мойындайды. Сондай-ақ “арам ойы” болғанын жасырмайды.
Қаскөй Түркістан облысынан Қарағандыға жұмыс істеуге келгені әрі отбасылы екені белгілі болды.
Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға түсініктеме берді. Ведомствоның хабарлауынша, екі бейнежазбада да бір адам бейнеленген.
"Полицияға Қарағандының 35 жастағы тұрғыны жүгінді. Ол көп қабатты үйдің лифтінде белгісіз жігіттің 15 жастағы қызын сүйгенін хабарлады. Бұл әкімшілік құқық бұзушылық, яғни "ұсақ бұзақылық" ретінде қарастырылды. Сот полиция қызметкерлерінің дәлелдерімен келісіп, құқық бұзушыны үш тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды", – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Видеоны мына сілтеме арқылы көре аласыз.