Bugin

Бес баласын аяусыз өлтірген әйел 16 жылдан кейін өзін өлтіру құқығына ие болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2007 жылы 28 ақпанда Невель қаласының тұрғыны Женевьева Лермитт күйеуі жоқ кезде 3 пен 14 жас аралығындағы ұлы мен төрт қызын пышақтап өлтірді. Осыдан кейін ол өз-өзіне қол жұмсамақ болған, бірақ жасай алмай, құтқару қызметіне хабарласқан.

Бес баланың өлімі және одан кейінгі сот процесі Бельгияны дүр сілкіндірді. Сот отырысында адвокаттар қорғауындағы азаматтың психикалық ауытқушылығы бар екенін және оны түрмеге отырғызбау туралы ойын алға тартты. Алайда қазылар алқасы мұны қасақана кісі өлтіру деген қорытындыға келіп, 2008 жылы Лермитті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

2010 жылы Лермитт өзінің бұрынғы психиатрына қарсы 3 миллион еуро көлемінде азаматтық сотқа шағым түсіріп, оның әрекетсіздігі кісі өлтіруге себеп болды деп мәлімдеді, бірақ 10 жыл бойы заңды дау-дамайдан кейін талап кері қайтарылды.

Женевьева Лермитт 2019 жылы түрмеден психиатриялық ауруханаға ауыстырылды.

Бельгияда адамдар заңды түрде емделмейтін төзімсіз психологиялық немесе физикалық азап шеккен жағдайда эвтаназияны таңдай алады. Бұл ретте шешім саналы түрде, салмақты түрде қабылдануы және нақты түрде баяндалуы тиіс.

“Дәл осы ерекше процедураны Лермитт медициналық сарапшылардың пікірлерін ескере отырып жасады", - деді оның адвокаты.

Психолог Эмили Маруа RTL-TVI арнасына берген сұхбатында Лермитт балаларын еске алу үшін 28 ақпанда өлуді шешкенін айтты. Осылайша, символикалық байланыс жасағысы келген.

“Ол балаларды өлтірген кезде де өмірден қош айтқысы келгендіктен, бастаған ісін соңына жеткізкісі келді деуге болады", - дейді сарапшы.