Bugin

Түркия: Зілзала кезінде үйінді астынан табылған қазақ қызы елге оралды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен аман қалған отандасымыз Сабина Мамадиярова елге оралды. Бұл туралы Cыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ол ауруханада болған кезде біздің консул онымен үнемі байланыста болды. Қыздың жанында туыстары да болды. Ол Қазақстанға келді. Бірақ ол мазасын алмауды өтінді. Оның пікір айтқысы келмейді. Біз оның оралуына көмектестік. Ол Анталия – Алматы рейсімен елге жеткізілді, - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен брифингте.

Бүгінде Сабинаның жағдайы тұрақты.

Еске салайық, 8 ақпанда Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен Қазақстан азаматы Сабина Мамадьярова үйінді астынан аман-есен табылған еді.