Bugin
Сәбиді ерлікпен құтқарылғаны туралы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Журналистің айтуынша, бала Жамбыл ауылындағы ауладан шығып кетіп, арыққа құлап, батып бара жатқан.
Сол сәтте сегізінші сынып оқушысы Нұргелді баланы құтқарып, үлкендерді көмекке шақырған. Бәрі бірігіп, баланы аман алып қалған.
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі аталған фактіге қатысты арыз-шағым түспегенін хабарлады.
Видеоны мына сілтеме арқылы көре аласыз.