Bugin
Шымкент көшелерінің бірінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Сайт мәліметі бойынша, 37 жастағы ер адам есірткіні дозасынан артық қолданған.
Қайғылы оқиға 6 наурызда сағат 00:30-да болды. Жедел жәрдемге ер адам қоңырау шалып, досының медициналық көмекке мұқтаж екенін айтқан. Оның айтуынша, жолдасы көлікте ауырып қалған.
Бірақ дәрігерлер келгенімен, оқиға туралы хабарлаған адам сол маңда болмаған. Марқұмның денесі BMW маркалы көліктің жанында, жолда жатқан.
Қазір құқық қорғау органдары бұл істі өз бақылауына алды. Олар ер адамның неден қайтыс болғаны мен досының оқиға орнынан неге кеткенін зерттейді.