Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚостанай облысында жолда қалған 24 адам құтқарылды. Бұл туралы Bugin.kz порталы төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
6 ақпанда Қостанай облысы ТЖД бөлімшелері Науырзым, Қамысты, Қарасу аудандарының аумағында 4 авариялық-құтқару операциясын жүргізді.
24 адам құтқарылды, оның ішіндегі 8-і - бала. ТЖ салдарын жоюға 10 қызметкер мен 4 бірлік арнайы техника қатысты.
Жергілікті жерлерде барлығы 4 уақытша блок-бекеттердің, ТЖД (4 адам л/с, 2 бірлік техника), ПД (5 адам л/с, 4 бірлік техника) кезекшілігі ұйымдастырылды, 160 орынға 4 жылыту пункті дайындалды. Автокөліктің жиналуы жоқ.
Ауа-райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61