Bugin
Таразда бес адам бірден көмірқышқыл газынан уланып қалған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"2023 жылғы 7 наурызда Тараз қаласында жеке үйде жылыту пешін пайдалану ережесін бұзғандықтан бір отбасының 5 адамы көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды. Олар 2010, 2012, 2015 жылы туған балалар мен олардың 1964 және 1975 жылы туған ата-анасы", – делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.