Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАқтауда жоғалған 16 жастағы қыз табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы lada.kz-ке сілтеме жасап.
Қыздың туыстары жоғалып кеткен 16 жастағы Гүлзамира Ыбырай табылғанын айтқан. Қазір қыздың жағдайы жақсы. Бұл туралы республикалық іздестіру ерікті қозғалысы филиалының үйлестірушісі Давид Миникаев мәлімдеді.
Іздестіру жұмыстарына із-түссіз жоғалған 16 жастағы Гүлзамира Ыбырайдың туыстары, тәртіп сақшылары мен еріктілер жұмылдырылған.
Қыз 4-шағынаудандағы үйден шығып кеткені хабарланды. Кейін ол отбасымен байланысқа шықпаған. Бірнеше сағаттық іздестірулерден кейін қыз аман-есен табылды. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Республикалық ерікті іздестіру қозғалысы филиалының үйлестірушісі Давид Миникаевтың айтуынша, іздеу жұмыстарына 13 ерікті жұмылдырылған.
Қыздың жоғалу себебі айтылмады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61