Bugin

«Сау жері қалмаған»: Шымкентте 8 күдікті бір адамды үйінде өлтіріп кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте 8 адам бір адамды асқан жауыздықпен үйінде өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ZTB арнасына сілтеме жасап.

Марқұмның туыстары, полиция тек 3 адамды қамауға алғанын айтып, істі әділ тергеуді және кінәлілерді қатаң жазаға тартуды талап етіп отыр.

Оқиға 26 қаңтарда болған. Сол түні үйде марқұмның үш туысы болған екен. Ағасының айтуынша, шабуыл кезінде өзі де бас сүйек-ми жарақатын алған. Ал терезені сындырып, ішке кіргендер 33 жастағы Бахрам Жанжігітовті тепкінің астына алған, деп хабарлайды Otyrar басылымы.

Марқұмның ағасы Оралхан Тасболаттың сөзінше, күдіктілердің барлығы маска мен қолғап киген. Қолдарында арматура, шегесуырғыш, қару, таяқ болған екен. 

Ал әкесі оқиға орнына келгенде ұлының сау жері қалмағанын көрген. Жан тапсырас алдында ол бір адамның атын айтып үлгеріпті. Туыстарының сөзінше, барлық мәліметтер полицияға берілген, бірақ тек үш адам ұсталған. Қалғандары қашып жүр. Яғни оқиға болғанына бір ай өтсе де іс тоқтап тұр екен.