Спорт

Макгрегор: «Криштиану – феномен. 34 жасында «Атлетикоға» не істегенін қараңыз»

Бір алыптың екінші алыпты мақтауы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Аралас жекпе-жек шебері, ирландиялық спортшы Конор Макгрегор туриндік «Ювентустың» страйкеры Криштиану Роналдудың ойынына жоғары баға берді.

«Криштиану – феноменальды атлет, адам және кәсіпкер. Оның жан-жақты дисциплинасы, өз ісіне деген риясыз қатынасы мен адалдығы көп баланы футбол ойнауға шабыттандырады. «Атлетикоға» не істегенін қараңыз: аса маңызды ойында 34 жасында хет-трик жасады. «Ювентус» Еуропаның ең үздік қорғанысы бар командаларының бірі «Атлетикоға» қарсы ойнағанын ұмытпаңыз. Бұл шабыттандырады! Мен де, Криштиану да шыңда орналасқан, тәртіпке бағынған атлеттерміз», – деген Конордың сөздерін ФИФА-ның ресми сайты келтіреді.