Bugin

Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елордадағы №2 сотта Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтіп жатыр деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

 

Қылмыстық іс бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Гүлмира Сатыбалды, оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС-нің басшылығы және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілініп отырғанын хабарлады. 

Тергеу сатысында мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелді.

Гүлмира Сатыбалды – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі. Бұған дейін сот үкімімен Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылды.