Bugin
Түркістан облысының прокуроры Марат Әлиханов қызметтік кабинетінде қайтыс болды. Бұл ақпаратты Бас прокуратураның баспасөз қызметі растады.
Марат Әлиханов 1965 жылы дүниеге келген. 2020 жылдың ақпанынан бастап Түркістан облысының прокуроры лауазымын атқарды.
2014 жылдан бастап Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары және бірінші орынбасары, Бас көлік прокуроры, Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.