Әлем

Көрілім үшін қасиетті қабірді ашып, мәйіттің сүйегін сүйген блогер жазаға тартылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Блогер әлеуметтік желідегі қаралымын арттыру мақсатында көне қабірді ашқан. Тіпті ондағы адамның сүйектерін шығарып, басын сүйген деп хабарлайды Bugin.kz порталы South China Morning Post сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Қытайдың Гейчжоу провинциясында болды. Ляонин провинциясында тұратын блогер Мин империясына тиесілі зиратты бүлдірген. Тіпті үңгір ішіне кіріп ондағы үш қабірдің бетін ашқаны анықталды. 

Чэнь есімді 21 жастағы тұрғын бұл әрекетті әлеуметтік желідегі қаралымын арттыру мақсатында істепті. Ол арнайы зират ішіне кіріп, қасиетті қабірдегі сүйектермен суретке түседі. Арасында ондағы жерленген адамның бас сүйегін сүйіп те таспаға түскен.  

Блогерді жергілікті жұрт желіге тараған суреттеріне қарап ұстаған. Кейін полицияға жаза қолдануды талап етеді. Осылайша Чэнь қаралым жинаймын деп 9 айға бас бостандығынан шектеліп отыр.