Саясат

Мәсімовтың денсаулығы нашарласа түрмеден босатылады - министр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бас бостандығынан айырылғандардың денсаулығы сыр берсе, олар босатылады. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Негізі, аурулардың нақты тізімі бар. Мысалы онкология болса оның қай сатыда екеніне қарайды. Бізде нақты заң бар. Террорист болсын, мемлекетке опасыздық жасаған адам болсын оны емдеу үшін түрмеден босату деген. Бірақ бұл жағдайда толық шешімді сарапшылар мен сот шешеді. Басты ескеретіні  - түрмеден шығару деген жазадан босату емес. Керісінше, адамды босатуға негіз болатын қауіпті аурулардың белгілері анықталса, онда оны емдеуге жібереді. Түрмеден шығарып, ауруханаға жатқызады. Емделгеннен кейін түрмеге қайта қамалады, - деді министр. 

Видеоны мына сілтеме арқылы көре аласыз.