Bugin

Астанада күйеуінен жәбір көрген әйелді сот кінәлі деп таныған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Астанада әйел адам Ұлттық ұланда офицер болып істейтін азаматтық некедегі жұбайының соққыға жыққанын мәлімдеді. Алайда сот әйелді кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға 15 қаңтарда орын алды. Құқық қорғаушы Әлия Омарованың айтуынша, ер адам екі баласының көзінше оны ұрып-соқты.

Бұл туралы НеМолчи.kz қоры мәлімдеді.

Қызымның көзінше ішімнен, қабырғамнан ұрды. Келесі күні мен сараптамаға бардым. Сондай-ақ, қолдарым көгерген. Дәрігерлердің айтуынша, ұрып-соғу, кеуде қуысының көгеруі байқалды. Бүйрегіме зақым келді. Сегіз айлық балам болғандықтан, ауруханаға жатудан бас тарттым. Бірнеше күн ауырдым, – деді астаналық әйел.

Жәбірленуші мұндай жағдай бірнеше рет қайталанғанын айтады. Тіпті пышақ тақап, бірнеше мәрте бопсалағанын тілге тиек етті. Сонымен қатар құқық қорғаушылар медициналық сараптаманың нәтижелерін жариялады.

Сотта әйел мен ер адамның бөлек тұратыны анықталды, алайда ол балаларымен көрісуге келіп тұрады. 

Сот "әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату" туралы шешім шығарды, осылайша азаматтық жұбайын әкімшілік жауапкершіліктен босатты.

Сондай-ақ, әйелдің өзі азаматтық жұбайын ұрды деп айыпталып,  әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабының 1-1-бөлігі Ұрып-соғу бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.