Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comСемейде жеке тұрғын үйлердің бірінде 4 бала газға уланып қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
"8 наурызда Семейдегі жеке тұрғын үйлердің бірінде көмірмен жылыту пешін пайдалану ережелерін сақтамағандықтан 4 бала газға уланып қалды. 4 және 5 жастағы балалар улы газдан жеңіл дәрежеде уланғандықтан дәрігерлер тексергеннен кейін үйлеріне жіберілді. Ал 11 және 7 жастағы екі бала Семей қаласының "Бүйрек орталығы" мекемесіне токсикология бөлімшесіне жатқызылды", - делінген төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында 8 наурызда 47 және 45 жастағы ер мен әйел газға уланған. Келеңсіз жағдай жылыту пеші мұржасының күйеге толып қалғандығынан болған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61