Саясат

Қазақстанда тағы 3 қаланың аты өзгеруі мүмкін

Ұсыныс ретінде Петропавл, Павлодар, Семей қалалары аталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Ақ Жол" демократиялық төрағасы орынбасары Қазыбек Иса Петропавл, Павлодар, Семей қалаларының атын өзгертуді ұсынды. Ол өз пікірін Елордада өткен Демократиялық күштердің "Қазақстан-2050" жалпыұлттық коалициясының кезекті отырысында айтты. 

"Біз енді Елбасыға елорданың атын берумен бірге тариxи сабақтастық ретінде Петропавл қаласына кезінде өзінің ордасы тұрған, үш жүздің басын қосқан қазақтың ұлы xаны Абылай xанның атын, Павлодар қаласына қазақтың тәуелсіздігі үшін күрескен қазақтың соңғы xаны Кенесарының атын, кезінде Алаш қаласы атанған Семейге қазақ тариxында ғана емес, Орта Азияда тұңғыш саяси партия құрған Алашорда үкіметінің төрағасы Әлиxан Бөкейxанның атын беріп, жақсы жалғастырып алып кетуіміз керек. Кеше ғана Қазақ xандығының 550 жылдығын тойлауды Елбасының өзі бастағанын білесіздер. Ендеше, бұл тариxи тамырымыздың тереңдігін, саясатымыздың кемелдігін көресетер іс болады деп білемін. Мәслихаттарымыз да, Парламентіміз де қала атын ауыстырудың ғарыштық жылдамдығын көрсетіп отыр, ендеше 28 жылдан бері неге созып келгенбіз бұл қалалардың атын ауыстыруды?" - деді Қазыбек Иса жиында. 

Аталған жиынға барлық саяси партия басшылары мен қоғамдық ұйымдар жетекшілері қатысты.