Bugin
Жезқазғанда "Қазақмыс" компаниясының елуге жуық жұмысшыcы ереуілге шықты6 деп хабарлайды Bugin.kz порталы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Қызметкерлердің айтуынша, кәсіпорын басшылығы жалақыны уақытында төлемейді. Жұмысшылар басшылыққа талаптарын айтып, кәсіпорын ғимаратының алдына таңғы сегізден бастап шыққан.
Сондай-ақ, олар зейнетақы мен міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына жарналарының уақытылы аударылмай жатқанына шағымданды. Кәсіпорынның жұмысшылар алдындағы салық және басқа да аударымдар бойынша берешегі 125 миллион теңгеге жеткен.
Қызметкерлердің мәселесін тыңдауға Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары мен кәсіпорынның директоры келді. Содан соң "Қазақмыс Энерджи" компаниясының бас директоры өзі келді.
Тараптар өзара келісуге тырысып жатыр. Алайда оқиға қалай шешілетіні белгісіз.