Спорт

"Кавказдың қауіпті боксшысы" қазақстандыққа қарсы жекпе-жектен бас тартты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ауыр салмақтағы қазақстандық Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО) мен дағыстандық Арсланбек Махмудов (15-0, 14 КО) арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды деп хабарлайды Bugin.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Инсайдерлік ақпарат бойынша, Махмудов WBC Silver белбеуін босатып, Кособуцкийдің орнына нигериялық Эфе Аджагбамен (17-1, 13 КО) айқасты таңдады. Нақты себеп айтылмады. 

Еске салайық, Жан мен Арсланбек жекпе-жегін WBC ұйымы былтыр белгілеген. Бұл кездесу 2023 жылдың мамырында өту керек болған. Осы айқастағы жеңімпаз рейтингте бірінші орынға шығып, WBC чемпионы әйгілі Тайсон Фьюриге (33-0-1, 24 КО) міндетті қарсылас атанар еді.