Bugin

Орал қаласында судья жұмыс орнында қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Орал қалалық сотының тергеу судьясы Нұрлан Губашев жұмыс орнында қайтыс болды. Бұл туралы «Мой город» басылымы мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ақпаратты Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті растады.

Оның денсаулығы жұмыс орнында нашарлаған. Жедел жәрдем шақырған адамның айтуынша, ол есінен танып құлаған.  Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ, – делінген хабарламада.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қоңырау сағат 9:48-де түскен.