Bugin
Bugin.kz порталы шынайы оқиғаға негізделген фильмдер туралы жиі мақала жариялайды. Сондай шығармалардың бірі - "Ворошилов атқышы" фильмі. ("Ворошиловский стрелок").
1995 жылы Ресей жазушысы Виктор Пронин "Сәрсенбідегі әйел" ("Женщина по средам") повесін жарыққа шығарды. Содан кейін Станислав Говорухин "Ворошилов атқышы" киносын түсірді. Фильм аз уақытта үлкен танымалдыққа ие болды. Бірақ экрандағы кек алушының нақты прототипі бар екенін бәрі біле бермейтін, ол Ұлы Отан соғысының ардагері емес, махаббатын бәз біреулер қорлаған жас жігіт еді.
Фильмде зейнеткер кек алғаны үшін жазадан құтылып, зорлыққа ұшыраған немересі біртіндеп қалыпты өмірге оралады. Алайда, нақты оқиғаның соңы мүлдем басқаша аяқталған.
Оқиға қалай басталды?
Дмитрий Данилов Мәскеуде туып, қарапайым кеңестік отбасында өсті. Ата-анасы Дмитрийді бала күнінен әлсіздерді қорғауға, табандылыққа баулиды.
Бірде ол көшеден кетіп бара жатып бірнеше адамның бойжеткенді тонамақ болғанын көріп, аруды залымдардан арашалап қалады. Артынша қызбен танысып, екеуі кездесе бастайды.
Біраз уақыттан кейін Дмитрий әскерге кетеді, ал Ольга (ол құтқарған қыздың аты осы еді. - Шамамен. ред.) оны күтіп, жиі хат жазуға уәде берді. Жігіт оқу бөлімінен бірден Ауғанстанға жіберіледі. Ғашықтар бір-біріне үнемі хат жазысып, әр күнін егжей-тегжейлі сипаттайды. Бірақ бір күні бәрі өзгерді, Ольга хат жолдауды тоқтатты. Ал сарбаз аыстағы ғашығынан хабар болмағасын, "мені күтпеді" деп ойлайды. Алайда жағдай жігіт ойлағаннан әлдеқайда қиын еді.
Үйге оралу
Әскерден оралған Дмитрий Ольгаға не болғанын анықтауға тырысты. Қыз өзіне қол жұмсаған. Өлер алдында ғашығына хат қалдырған. Бірақ борышын өтеп жатқан сарбазға суық хабарды арудың ата-анасы әдейі жеткізбеген.
Бұл оқиға 80-ші жылдардың соңында болды. Көшелерде тонау, қарулы шабуылдар, зорлық-зомбылық өрбіген кезең. Қарақшыларды құрықтайтын әділ полицейлердің болмағанынан ба, зұлымдар өздерін жайлы сезінді.
Қорғансыз Ольга
Кешкі уақытта оқудан қайтып келе жатқан қызға қарақшылар шабуыл жасаған. Есіргендері сонша, құлағындағы сырғасын шешпей жұлып алған. Жәбір көрген Ольга полицейлерге арызданып барған. Бірақ тәртіп сақшылары мұндай оқиғаға қыздың өзін кінәлап, арызын қабылдамаған да. Қорлыққа шыдамаған қыз өзіне қол салған.
Қанды оқиғаны толық зерттеген Дмитрий кек алуды көздейді. "Жалғыздың үні шықпас" деген нақыл ол үшін жай сөз еді. Ағаштың басына шеге қағып, өзіне қару жасайды. Содан соң түнде көше кезуге кірісті. Иә, бұл Голливуд түсірген қаһармандар туралы киноға ұқсауы мүмкін. Десек те, әр істің өз себебі барын жақсы түсінуге болады.
Түнгі аңшылық
"Түнгі аңшылыққа" шыққан сарбаз алғашқы күні-ақ олжалы болды. Оқыс оқиғаға тап болып, тонаушылардың бірін оңдырмай ұрады. Бір соққыдан бір көзінен, бірнеше тісінен айырылған топтың басшысы екен. Еңбек еш кетті деуге келетін шығар, әлгі ұсталған қарақшы беделді адамның ұлы болып шығып, оны күдікті деп емес, куәгер ретінде ақтап алды.
Қанжығалы "кек алушы"
Арада бірнеше ай өткен. Бүкіл ауданды аяғынан тік тұрғызған "кек алушы" туралы бәрі естіген. Полицияға жәбір көрген қарақшылардан арыздар жиі келетін болған. Әрине, олар қылмыс үстінде соққыға ұшырағанын айтпайды. Бұрынғыдай тәртіпсіздік деген жоқ. Болса да бірең-сараң. Өкінішке қарай, қарақшыларға қарсы күрескен Дмитрий ұсталады. Ұсталған кездің өзінде екі баскесерді өлтірген, бірнешесін мүгедек қылған "қанжығалы кек алушы" болып ұсталады.
"Кек алушы" қазір қайда?
Сот барысында жәбірленуші тарап өлім жазасын талап етті. Нәтижесінде әділдік орнатпақ болған Дмитрий Данилов 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның түрмеден шыққаны белгілі, дәл қазір қайда екенін ешкім білмейді. Біреулер ол қалған өмірін монастырьде қызмет етуге арнады десе, енді бір тарап Дмитрийді Алтай өңіріндегі ауылдардың біріне кетті деп топшылайды.