Bugin
Талдықорғанда Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың соты кейінге шегерілді. Себебі, сотталушы өзін жайсыз сезініп, ауруханаға түсіп қалған. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
Бұл ақпаратты айыпталушының адвокаты Руслан Баймақов растады.
Қорғалушының денсаулығына байланысты сот кейінге шегерілді. Алдын ала мәлімет бойынша процесс 16 наурызда қайта басталады. Қазір біздің қорғалушы ауруханада жатыр, - деп мәлімдеді Баймақов.
Адвокат Серік Күдебаевтың қандай диагнозбен және қандай медициналық мекемеге жатқызылғанын әлі нақтыланбаған.
Еске салайық, 5 қаңтардан бері Талдықорғанда Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот өтіп жатыр. Ол қаңтар оқиғасы кезінде тиісті шара қабылдамағаны және лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін айыпталуда. 28 қаңтарда облыстық сотта тараптардың жарыссөзі өтті. Отырыс барысында мемлекеттік айыптаушы Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.