Bugin

Тұрлыхановтың ұлына қатысты жанжал: Қылмыстық тергеу қалай жүріп жатыр?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматылық адвокаттарды ұрып-соғуға қатысты атышулы қылмыстық іс бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы BaigeNews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әңгіме Алматыда белгілі спортшы Дәулет Тұрлыхановтың ұлы ерлі-зайыптыларға шабуыл жасаған оқиға туралы болып отыр.

Күдікті әскери қызметкер болып шықты.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, қадағалаушы прокурор оқиғаның барлық мән-жайын анықтау туралы жазбаша нұсқау берді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілді. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - деді полиция.

Оқиға ақпанның 10-нан 11-іне қараған түні Алматыдағы Әл-Фараби даңғылының бойында болған. Ойын-сауық мекемелерінің бірінің жанында еңбек демалысында жүрген ВЧ 30212 әскери қызметкері, қатардағы Болат Н.Д. азамат Чернов пен оның әйелін бірнеше рет соққыға жыққан делінген іс материалында.

Бұған дейін жәбірленуші Анна Чернова журналистерге Алматыдағы мекемелердің бірінде ер адамның күйеуін соққыға жыққанын айтқан болатын. Ерлі-зайыптылар қызға көмектесеміз деп өздері зардап шекті. Олег Черновтың қабырғасы сынып, Аннаның жақ сүйегі жарақаттанған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61