Bugin

Атырауда мал іздеймін деп, жоғалып кеткен екі адамның жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен екі ер адамды құтқарды. Бұл туралы Bugin.kz порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпаратқа сүйенсек, 9 наурызда сағат 11:30 шамасында 1969 және 1965 жылдары туған азаматтар ТРЭКОЛ автокөлігімен Атырау қаласының Алғабас селосынан 50 шақырым жерге мал іздеуге шығып кетіп, кері байланысқа шықпаған. 10 наурызда сағат 13:25-тен бастап Атырау облысы ТЖД қызметкерлері іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізген.

"Сағат 17.47-де Атырау облысы ТЖД қызметкерлері жоғалған азаматтарды тауып, қауіпсіз аймаққа жеткізіп, туысқандарына  тапсырды. Азаматтардың жағдайы жақсы, медициналық көмекті қажет етпейді" делінген хабарламада.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД қызметкерлері мен техникасы, «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы мен тәжірибелі экипажы жұмылдырылған.