Bugin

"Түтінге тұншығып қалған": Қызылорда облысында ер адам өрттен көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қызылорда облысында тұрғын үйдегі өрттен 48 жастағы ер адам қаза болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 10 наурызында сағат 21:18-де Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентіндегі жеке тұрғын үйде болған. Тұрғын үйдің ауданы 15 шаршы метр болатын кіреберіс бөлмесі толығымен жанған.

"Өрт сөндірушілер 1975 жылы туған тұрғын үй иесін сыртқа алып шығып, оны жедел жәрдем мамандарына тапсырған. Алайда ол сағат 21:48-де көз жұмды. Марқұм түтінге тұншығып қалған. Ол үйде жалғыз болған. Өрт сағат 21:30-де оқшауланып, 21:40-де толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп мәлім етті Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының бас маманы Айгүл Нұрманова.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 8 қызметкері 2 техникамен келді. Сондай-ақ аудандық полиция бөлімі, жедел жәрдем бригадасы және өзге де жауапты мекеме мамандары жұмыс істеген.