Bugin

Астанада бірнеше жігіт ер адамды не үшін ұрып-соққаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Астанада ер адамды ұрып-соғып, тонап кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

102 арнасына 26 жастағы азаматтан кешкі уақытта Сарайшық көшесінде белгісіз жігіттердің оны ұрып-соғып, Redmi ұялы телефонын тартып алғаны туралы хабарлама түскен.

Шабуыл жасау сәті камераға түсіп қалған.

"Криминалдық полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар үш адамды анықтады. Олар 18, 20 және 21 жастағы жас жігіттер болып шықты, олардың бірі бұрын сотты болған. Қасүнемдер қазір қамауда" делінген хабарламада.

Ұялы телефон тәркіленді, күдіктілер оны кепілге қалдырып, сатып жіберген.

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, олардың елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61