Bugin

Өскеменде автобустан түскен соң із-түссіз жоғалған жігіттің жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өскеменде 4 наурызда автобустан түскен соң із-түзсіз жоғалып кеткен 22 жастағы жігіт табылды. Бұл туралы Bugin.kz порталы halyquni.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Жоғалып кеткен жігіт 9 наурызда сағат 21:30-да досының үйінен табылды. Қазіргі уақытта туған-туыстарымен бірге үйінде" делінген Шығыс Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомство өзге ақпаратты жігіттің өтінші бойынша жариялай алмайтынын хабарлады.

Еске сала кетейік, еріктілер 4 наурызда жас жігіттің үйінен шығып, автобуспен келе жатқанда өзін нашар сезініп, аялдамада түсіп қалғанын хабарлаған. Одан кейін оның қайда кеткені белгісіз болды.

Полицияға жігіттің анасы шағымданған.