Bugin
Ақтөбеде балабақшадан соққыға жығылып қайтқан баланың анасы видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Онда ол билік пен жұртшылықтан ұлын ұрғаны үшін кінәлілерді жауапқа тартуды сұрады.
Шындық іздеген ананың екі жасар ұлы балабақшадан бүкіл беті көгеріп келген. Сондай-ақ баланың миы шайқалған. Содан кейін балабақшаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға болғаннан бері үш айдан астам уақыт өтсе де, істің әлі нәтижесі жоқ. Тіпті, істі тоқтату үшін Айжанға бірнеше рет қомақты қаржы ұсынған. Алайда ол ақша алудан бас тартып, шындықтың ашылуын күтіп жүр.