Bugin
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданына қарасты Нұра ауылында екібасты бұзау туды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы halyquni.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы желі қолданушысы Нұрболат Туысбайұлы есімді азамат Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Кластастарымның чатынан ұққаным, ауыл халқында үрей бар сияқты. Экологияның белгісі ме екен?.. – деп жазды ол.
Бұзаудың екі беті мен екі аузы, төрт көзі мен екі құлағы бар. Бірақ басы бірге біткен.
Бұзаудың мутацияға ұшырауы полицефалия деп аталады. Ол бауырымен жорғалаушыларда, сүтқоректілерде және кейде адамдарда кездеседі. Егер жатырдағы екі эмбрион толық бөлінбесе, ек ми дамиды, бірақ тыныс алу және асқорыту жүйесі ортақ, сондай-ақ екеуге бір дене болады. Әдетте, мутанттар туғаннан кейін көп ұзамай өледі, бірақ ерекше жағдайлар болып жатады.