Саясат

Филиппинде мерт болған киттің асқазанынан 40 кг пластик табылған

Қалдықтың көбі полиэтилен пакеттер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Филиппинде кит жағаға ұмтылып, мерт болды. Оның асқазанынан 40 кг астам пластик қалдық табылды. Кит 16 наурызда Ситио Асинан жағалауында анықталды. Оның асқазанында түрлі ас қалдықтары мен пластик қалдықтар табылған. 

D' Bone Collector Museum пікірінше, дәл осы қалдықтар киттің мерт болуына себеп болды. Мұндай ірі ұйымның тәжірибесінде асқазанынан осыншама көп қалдық табылған жануар болмаған екен. 

Әлемде жыл сайын 3 миллион тоннадан аса пластик қалдықтары шығарылып, 1,2 млн тоннасы мұхитқа тасталады екен. Бұлардың 60%-ын Қытай, Индонезия, Филиппин, Вьетнам мен Шри-Ланка сияқты елдер құрайды. Ғалымдар болжауы бойынша, соның салдарынан Тынық мұхитта көлемі 1,6 млн км² болатын, 80 мың тонна қоқыс шоғыры жиналып қалған.

Мұндай жағдай бірінші рет болып жатқан жоқ. 2018 жылы Индонезияда өлі кит табылып, оның асқазанында 6 кг жуық пластик қалдығы: екі резеңке тәпішке және 115 пластик стақан табылған.