Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comТалдықорғанда балалардың соңынан ілесіп, аңдыған ер адамға іздеу жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бөтен ер адамның балалардың ізінен қалмай аңдығанын айтып, ата-аналар шағымданған.
Мүмкіндігінше көп ата-ана хабардар болсын. Төртінші шағын ауданда 14 және 16 мектептердің жанында бір ер адам жүреді, балалардың денесіне қол жүгіртеді. Ұзын бойлы, арықша келген. Шамамен 30-40 жаста, үнемі көк күртеде жүреді. Ол сондай-ақ 28, 29, 30,32 үйлердің аулаларында да жүреді, - деп тұрғындар дабыл қақты.
Полиция бұл ақпаратты назарға алғанын айтады.
Бұл ақпаратты біз бақылауға алдық. Полиция қызметкерлері тексеру бастады. Ақпаратқа сай заңды шаралар қолданылады, - деп мәлімдеді ведомство.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61