Bugin

14 наурыз - Көрісу күні: Амал мерекесі қалай тойланады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. 

Бұл мейрамды атап өту дәстүрі негізінен Қазақстанның батыс облыстарында сақталған. Дегенмен соңғы жылдары Қазақстанда "Амал мерекесінің" аясы кеңейіп келеді.

14 наурызда кездескен екі адам бір-біріне міндетті түрде қос қолын беріп амандасады. Қол ұсыну кезегі – жасы кішінікі. Үлкендер ылғи да жастардың көрі­суін дәметіп, күтіп отыра­ды. Бұл – кейінгілердің аға ұр­пақты сыйлауы, құрметтеуі. Көрші-қолаң бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек білдіреді. Оның мағынасы көріскен адамды қыстан, өткен жылдан аман-есен шыққанымен құттықтау мақсатында.

Басқаларға реніші, өкпесі бар адамдар осы күні өкпесін ұмытып, ренжіскен адамына кіріп көріседі. Осылайша арадағы қарым-қатынасты түзеп, көрісу күні адамдар бір-бірімен қайта табысады. Көрісу күні кіріп-шықпаған жасы кіші туған-туысқан, көрші-қолаңға жасы үлкендер "Көрісіп шығуға келмеді" деп ренжиді. Сондықтан, бұл күні әр адам мүмкіндігі болса, бүкіл ауылды аралап шығуға тырысады.

Көрісу – тек бір күн ғана емес, бір ай шамасында өтетін шара.