Bugin

"Бірнеше рет ұрлап әкетіп, соққыға жыққан": Ақтауда қылмыстық топ ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтауда қылмыстық топ ер адамды бірнеше рет ұрлап, бопсалаған, деп хабарладый Bugin.kz порталы Polisia.kz  сайтына сілтеме беріп.

Полиция күдікке іліген Toyota Camry көлігінің 27 жастағы иесін Ақтаудағы бизнес орталық ғимаратының артында ұстаған.

Жәбірленушінің айтуынша, бопсалаушылар бірнеше рет өзін ұрлап әкетіп, күш көрсетіп, соққыға жыққан. Онымен қоймай 500 мың теңге ақша талап еткен.

Полиция күдіктінің көлігінен оқталған әскери тапаншаны тәркіледі. Сондай-ақ оның пәтерін тінту кезінде бірнеше оқ-дәрі табылды. Қалған екі мекенжай бойынша бопсалаумен айналысқан тағы үш күдікті ұсталды. Олардың жасы 25, 26 және 28-де. Оларды тінту кезінде екі мылтық пен оқ-дәрі тәркіленді. Ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.