Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚостанайда полиция кеше ата-анасымен жанжалдан кейін үйден кетіп қалған жасөспірімді іздеп тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, 7-сынып оқушысының анасы полицияға жүгінген. Іздеуге полицияның барлық жасақтары мен еріктілер жұмылдырылған.
Кеше кешке ер бала азық-түлік дүкенінің жанынан табылды.
"Қазір тәртіп сақшылары оның қай жерде болғанын анықтап жатыр. Оқиғаға психологтар мен ювеналды полиция қызметкерлері қосылды" делінген хабарламада.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61