Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЖетісу облысында көлік жүргізушісі төрт атты қағып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Polisia.kz мәліметінше, 12 наурыз Алматы-Өскемен автожолының 196 шақырымында 46 жастағы ер адам JAC S3 жол талғамайтын көлігін жүргізіп келе жатып, төрт атты қағып кеткен.
"Жол апатында 45 жастағы жолаушы әйел зардап шегіп, түрлі жарақаттармен Көксу аудандық ауруханасына жатқызылды" делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері жол бойында қараусыз қалған жылқылардың иесін анықтап жатыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61