Bugin

Қазақстанда кімдердің жалақысы өсетіні белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елімізде қорықшылардың лауазымдық еңбекақысы екі есе өседі. Бұл туралы Экология министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті тиісті қаулы жобасын жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Салада еңбек ететін 13 мыңға жуық маманның айлығын үш жыл ішінде 100 пайызға арттыру үшін жалпы сомасы 38 млрд теңге қажет. Ең көп қаржы, нақтырақ айтсақ 26 миллиард теңге жергілікті табиғат қорғау мекемелеріне бөлінуі тиіс. Онда барлығы 8689 қызметкер жұмыс істейді. 535 жұмысшысы бар республикалық мамандандырылған мекемелерге 1,6 миллиард, ал мемлекеттік балық өсіру кәсіпорындарына 359 миллион теңге қаражат керек. 

Қаулы осы айдың соңына дейін қоғам талқысында болады. Қабылданса, 1 шілдеде қолданысқа енеді. 

Дереккөз: inbusiness.kz