Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comШымкентте жүк көлігі жолдан өтіп бара жатқан жеткіншек қызды таптап өтті. Байқаусызда көлік астына түскен қыз қазір есеңгіреген күйде жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қолда бар мәліметтер бойынша, оқыс жол-көлік оқиғасы 10 наурызда Шымкент қаласы, Қазиев көшесінде болған. Жүк көлігінің астына түскен жан - 12 жасар оқушы қыз. Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, Құдай оңдап, жеткіншек аман қалған. Дегенмен бойындағы көптеген ауыр дене жарақаттарымен емханаға жеткізілген, деп хабарлайды otyrar.tv.
Дәрігерлер ауыр жүк көлігінің астына түскен науқастың жағдайына қатысты мәлімдеме жасады. Оқушының миы шайқалып, бас сүйегі зақымданған. Сонымен қатар, оған екі жіліншек сүйектің, иықтың ішкі сынығы сынды және тағы басқа диагноздар қойылды.
Жағдайы өте ауыр, тұрақсыз, есеңгіреген күйде, - дейді дәрігерлер.
Жолдан өтемін деп ауыр жарақат алған жеткіншек мамандардың жіті бақылауында болады.
Видеоны мына сілтеме арқылы көре аласыз.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61