Әлем
Қырғызстанның Ош қаласында бетіне қайшы кіріп кеткен 5 жасар қызға операция жасалды. Бұл туралы елдегі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, қызды Қара-Су ауданының тұрғындары алып келген. Оны жедел түрде отоларингология бөліміне жатқызып, хирургиялық көмек көрсеткен.
5 жасар қыз үйінде үстелден құлап түскен сәтте қолында қайшы болған. Қайшы қыздың оң жақ бетіне 6-7 сантиметр кіріп кеткен.
Абырой болғанда, ірі артериялар зақымданбады. Қазір оның жағдайы жақсы, ауруханадан шығуға дайындалып жатыр, – деді ведомстводан.