Bugin

Ұлытауда мал іздеуге шыққан 7 адам жоғалып кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлытау облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органның күші мен құралдары арқылы жоғалған жеті адамды тапты. Бұл туралы Bugin.kz порталы ТЖД ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайдын.

Еске салайық, ағымдағы жылдың 11 наурызында мал іздеуге екі көлікпен 7 адам шығып, ауа-райына байланысты жолда адасып кеткен еді.

Бұған дейін Ұлытау облысы ТЖД әлеуметтік желілерінде тұрғындарды қолайсыз ауа-райы жағдайлары туралы ескерту хабарландырулар таратқан болатын.

Іздеу жұмыстарына Ұлытау облысы ТЖ департаментінің жеке құрамынан 5 адам және 1 бірлік техника тартылды. Жоғалған адамдар "Өлке" қыстағынан табылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.