Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comТөтенше қызмет жұмысшылары Ұлытау облысында 7 адамды құтқарып қалды. Тұрғындар 3 күн бұрын мал іздеуге шығып, сол күйі хабарсыз кеткен деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ұлытау облысында құтқарылған тұрғындар жайлы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Дерекке сүйенсек, 7 адам 11 наурыз күні мал іздеуге екі көлікпен шыққан. Бірақ ауа райына байланысты жолда адасып кетіпті.
“Іздеу жұмыстарына Ұлытау облысы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 5 адам және 1 бірлік техника тартылды. Жоғалған адамдар "Өлке" қыстағынан табылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ”, – делінген ақпаратта.
Сондай-ақ өңір тұрғындарына бұған дейін әлеуметтік желі арқылы қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланған. Бірақ тұрғындар бұл хабарламаға мән бермеген көрінеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61