Bugin

Қазақстанға Путин келеді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының елшісі Алексей Бородавкинмен және Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресей елшісімен кездесуде мемлекет басшысы РФ президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапарының, сондай-ақ биыл күзде Қостанайда өтетін XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Бұдан басқа, Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен перспективалары талқыланды.

Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесуде биыл мамыр айында Сиань қаласында өтетін «Орталық Азия + Қытай» саммитінің және президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға жоспарланған мемлекеттік сапарының өзектілігі сөз болды.

Сондай-ақ екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту, экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту маңызды екеніне назар аударылды.

Мемлекет басшысы Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Украинаға қатысты жағдайды саяси тұрғыда реттеу жөніндегі бітімгершілік әрекетіне жоғары баға берді.