Bugin

"Екі жігіт күтіп алды": Гүлмира Сатыбалды адам ұрлаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша жәбірленуші Айгүл Мекешева өзін қалай ұрлап кеткені туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жәбірленуші Айгүл Мекешева Гүлмира Сатыбалдымен алғаш рет 2013 жылы танысқан. Содан кейін Мекешеваға Сатыбалды отбасына тиесілі компаниялардың бірінен жұмыс ұсынылады. Кейін Айгүл Мекешеваға Гүлмира Сатыбалдыдан өзінің 5% акциясын берсе, сыйақысына "Maxi Bottlers" компаниясының 75% акциясының номиналды егесі атану туралы ұсыныс түседі. Бірақ сыйақының орнына Айгүл Мекешевадан барлық акциясын басқа адамға беру талап етіледі. Көп ұзамай оны ұрлап әкетеді.

2020 жылдың 1 қазанында кешкі уақытта үйге қайтып келе жатқанмын. Подъезде мені екі бейтаныс ер адам күтіп алды. Олардың бірі өзін Рашид деп таныстырды (Рашид Өтебеков - сотталушылардың бірі), сөйтіп өздерінің Гүлмира Сатыбалдының адамдары екенін айтты. Мен қорқып кеттім. Оларға подъезге кіруді өтіндім, ол жер жарық болатын, консьерж де отырушы еді, – деді Айгүл Мекешева.

Айгүл Мекешеваның айтуынша, оған өзі тұратын қабатқа көтерілуге рұқсат еткн, бірақ пәтеріне кіргізбей қояды. Өзін Рашид деп таныстырған ер адам оның телефонын тартып алып, лифтке сүйреп кіргізіп, қайтадан бәрі төменге түседі. Төменде оларға бетперде таққан ер адамдар қосылады. Жәбірленушінің айтуынша, солардың бірі оны иығына салып, үйден көтеріп алып шығып, көлікке тыққан.

Сотта Айгүл Мекешева қаскөйлер өзін Гүлмира Сатыбалдының үйіне апарғанын мәлімдеді. Онда жәбірленушіні қорқытып-үркітіп, қараңғы жертөледе ұстаған. 

Біраз уақыттан кейін маған Гүлмира Сатыбалдының "оң қолы" Әйгерім Сыздықова келді. Шынымды айтсам, бұған қуанып қалдым. Оған осы шоудың не керегі барын сұрадым, егер олар менен дұрыстап сұраса, мәселе подъезде-ақ шешілетін еді ғой дедім. Ол мұның барлығы Гүлмира Сатыбалдының тапсырмасы, оны бұжытпай орындау міндет екенін айтты. "Айғай-шу шығармай, дереу қол қойғаныңыз дұрыс, әйтпесе дене жарақатын аласыз. Үлкен қызыңыз ба, әлде кішісі ме, таңдаңыз. Егер қазір қол қоймасаңыз, біз соның бірін өлтіреміз, - деді".Айгүл Мекешева

Осындай жағдайлардан кейін Айгүл Мекешеваның айтуынша, өзіне қол қоюға қажетті құжаттар берілген. Онда нотариустың мөрі қойылған акцияларды сатып алу-сату шарты да болған. Құжаттарға қол қойғаннан кейін оны үйіне апарып тастаған. Сондай-ақ, жәбірленушінің айтуынша, жолда ер адамдар, егер ол құқық қорғау органдары көмегіне жүгінсе, балаларды өлтіретінін айтып қорқытқан. Айгүл Мекешева өзінің ұрлануына қатысты арызданғанын мәлімдеді, тергеу басталғанымен, бірақ іс әлі алға жылжымаған.

Ұрлау эпизодын сотқа дейінгі тергеу деректері де растады, бұл туралы мемлекеттік айыптаушы Азамат Сәрсембаев сотта хабарлады. Оның айтуынша, Гүлмира Сатыбалды Мекешеваны бір топ адамның көмегімен ұрлауды ұйымдастырған, олардың арасында оның жүргізушісі Батыршаев та болған.