Қоғам

5 жылға сотталған бұрынғы шенеунік рақымшылыққа ілінді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Орал қалалық сотында БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бұрынғы бөлім басшысы, 29 жастағы Мирас Әнуаров пен 35 жастағы кәсіпкер Талап Сұлтанғалиевке қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, М.Әнуаров пен Т.Сұлтанғалиев ҚР ҚК 195-бабы 4-бөлігі 2)-тармағына сәйкес (алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен ірі көлемде мүліктік зиян келтіру) айыпты деп танылып, бес жыл мерзімге бас бостандықтарынан шектелді.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға сәйкес сотталушылар жазадан босатылды.

Сотта анықталғанындай, М.Әнуаров Т.Сұлтанғалиевпен 2019 жылы алдын ала сөз байласқан.

Атап айтқанда, күн батареяларын сатып алу үшін шаруа қожалықтарының басшыларына субсидия алуға құжаттар жасауға жәрдем көрсеткен. Бұл ретте шаруа қожалықтарының басшылары ештеңеден күдіктенбеген, тіпті қажетті құжаттар мен өздерінің электрондық-цифрлық қолтаңбаларын тапсырған. Ал кәсіпкер күн батареяларын Алматы базарларынан төмен бағамен сатып алған.

Сотталушылардың заңға қайшы әрекеттері салдарынан мемлекетке 5,1 млн теңге көлемінде залал келтірілген.

Бұл ретте сотталғандар сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірді.