Bugin

Алматыда жүргізуші көлік айдап келе жатып көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда жүргізуші көлік айдап келе жатып қайтыс болды. «Рахат» шағынауданында болған деп хабарлады Bugin.kz порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Hyundai Terracan көлігі Асқаров көшесімен оңтүстікке қарай жүріп келе жатқан.

Жүргізуші өзін нашар сезініп, көлік келе жатқан жолаққа бұрып жіберген.

Toyota Camry жүргізушісі өзіне қарай жүріп келе жатқан джипті көріп, дереу оңға бұрылады, бірақ Hyundai бәрібір көлігінің бүйірінен сызып өткен, содан кейін ол бордюрге ұрылып, жолдан шығып, ағашқа соқтығысқан.

Toyota Camry жүргізушісі жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырған.

Оқиға орнына келген дәрігерлер Hyundai Terracan жүргізушісінің қайтыс болғанын айтқан.

Апат болған жерде жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.